Спорт

Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Golden Boy Promotions компаниясының басшысы "Канело" Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімді

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуіне қатысты келіссөздерге тоқталып, жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды prosports.kz.

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" 15 қыркүйектегі жекпе-жегіне дайындықты бастады – видео

"Жекпе-жек бойынша келісім жасау қиынға соқты. Келіссөздер өте күрделі болған. Екі тараптың көңілінен шығу үшін уақыт қажет еді. Біз оған қол жеткізіп, жекпе-жекті өткізетін болдық. GGG "Канело" туралы біраз сөз айтқаннан кейін, Саульдің боксқа деген ынтасы артты. Ол бұрынғыдан да қатты жаттықпақшы. Жекпе-жек оңай болмайды, бірақ біз "Канелоға" 100% сенеміз. Қыркүйекте екі қарсылас та бір-бірін нокаутқа түсіру мақсатында шығады. "Канело" Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімдімін", — деді Оскар ESPN Deportes-ке берген сұхбатында. 

"Канело" — GGG қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді. 


Жаңалықтар
0