Спорт

Жігітпен жұдырықтасқан қазақ қызы: Вьетнам боксшысы жазаланды

© YoutubeДо Хонг Нгок
До Хонг Нгок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылғы Будапешттегі ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына және Буэнос-Айрестегі жастар арасындағы жазғы Олимпиадаға қатысу квоталарына не болмақ?

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы қазақ қызымен Азия чемпионатында жұдырықтасқан Вьетнам боксшысына қатысты шешім шығарды. Боксшы До Хонг Нгок жарыстардан шеттетілген, деп хабарлайды Sputnik.

"АИБА-ның 2018 жылғы 22 мамырдағы шешімі бойынша спортшының Будапешттегі ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына және Буэнос-Айрестегі жастар арасындағы жазғы Олимпиадаға қатысу квоталары нормативтік ережелерге сәйкес қайта бөлінді. До Хонг Нгоктың қатысуға құқығы жоқ", — делінген АИБА-ның Sputnik Қазақстан ресми сауалына берген жауабында.

АИБА атап өткендей, шешім туралы тарапқа хабарланған соң отыз күн ішінде Лозаннадағы спорттық арбитраж сотына шағым түсіруге болады. Алайда қауымдастыққа апелляциялық шағым туралы ешқандай хабарлама келмеген, сондықтан АИБА-ның бұл шешімі ақтық болып саналады әрі міндетті түрде жүзеге асырылады.

"Бұл іс бойынша АИБА ендігәрі пікір білдірмейді", — делінген хатта. 

Вьетнамдық боксшы қыз еркек болып шықты

Қауымдастық жауабында Вьетнам боксшысының неге шеттетілгені айтылған жоқ. Бұдан бұрын До Хонг Нгок Азия чемпионатына "қыз" болып қатысқан деген болжам шықты.

Біріншілік сәуір айында Бангкокте өткен еді. Кездесу қорытындысы бойынша қазақ қызы Еркежан Дәулетжанқызы екінші орынды иеленді. Кейінірек БАҚ көздерінде оның ер адаммен жұдырықтасқаны туралы ақпарат шыққан. Қазақстанның бокс федерациясы халықаралық әуесқой бокс қауымдастығына сауал жолдады.

Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ қызын жеңген вьетнамдық еркек боксшы болып шықты

Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Дәулетжанқызы ер адаммен жұдырықтасқанын сезгенін айтты. Алайда он алты жасар қыз алған бетінен қайтпай, жекпе-жекті тоқтатпаған.

До Хонг Нгокты жеңу мүмкін болмады. Төреші қарсыластың қолын көтергенде, Еркежан жылап жіберді, өйткені бұл Азия чемпионатындағы екінші күміс жүлдесі еді.

Қазақстандық боксшы қыздың Азия чемпионатында еркекпен қалай жұдырықтасқанын Sputnik материалдарынан оқыңыз>>

Жаңалықтар
0