23:03 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Геннадий Головкин

Головкин "Канелоға" қарсы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

© Sputnik / Нина Зотина
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Головкиннің жекпе-жегі (54)
174 0 0

Головкин-Альварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелоға" қарсы өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Келісім аяқталып, қарымта жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Абель Санчеспен Биг Бэардағы жұмысқа оралуға дайынмын. Бұл бокстағы ең үлкен жекпе-жек, барлығы тағатсыздана күтіп жүр. Бұл айқаста ең үздігі анықталады. Бұл бокс тарихы үшін қажет. Мексика тәуелсіздігі күні титулдарымды қорғайтыныма қуаныштымын. "Канело" рингке соңғы болып шығуы, соңғы болып таныстырылуы мүмкін. Бірақ, шаршы алаңнан кімнің соңғы болып кететіні маңызды, ол әлем және халық чемпионы ретінде мен боламын. Big drama show-да көріскенше", — деп келтірді Геннадийдің сөзін ESPN. 

Айта кетсек, Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегасте сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек, таңғы 06:00) басталады. GGG мен "Канело" WBA, WBC  және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады.

Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегі туралы толық ақпарат Sputnik материалдарында>>

Тақырып:
Головкиннің жекпе-жегі (54)
Кілт сөздер:
жекпе-жек, кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып