Спорт

Роналду Мессидің соңынан үйіне қайтты

© Sputnik / Александр ВильфКриштиану Роналду
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уругвай мен Франция командасы 6 шілде күні Нижний Новгородта ресейлік мундиалдың ¼ финалында кездеседі

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Сенбі, 30 шілде күні, футболдан әлем чемпионатында көптеген тосынсый жасаған 1/8 финалының екі матчы өтті. Франция құрамасы Аргентинаны, ал уругвайлықтар Португалияны ұтты. 

Адуынды Мбаппе Францияға жеңіс әкелді

Ресей жанкүйері - Sputnik Қазақстан
Видео
ӘЧ 2018: ең сұлу жанкүйер қыз өзін кім "порножұлдыз" деп атағанын айтты

Франция мен Аргентина Қазанда кездесті. Франция қарсыластарын 4:3 есебімен ұтып, Ресейдегі турнирдің алғашқы ¼ финалистері атанды. 

Құрамадағы Антуан Гризманн (пенальти), Бенжамен Павар, Килиан Мбаппе гол соқты. Ал аргентиналықтарда Анхель Ди Мария, Габриэль Меркадо және Серхио Агуэро ерекше көзге түсті. 

19 жастағы Мбаппе гол соғып қана қоймай, пенальти жасау мүмкіндігіне ие болды. Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Мбаппенің футбол туралы бәрін білетінін мәлімдеді. Жас спортшы 1998 жылы әлем чемпионатында Франция жеңіске жеткен жылы туған. 

"Килиан Әлем кубогын көрмеген болар, десе де ол футболды өте қатты жақсы көреді, бұл спортқа қатыстының барлығын біледі. Мбаппе франциялық болғаны үшін бақыттымын. Ол өте талантты, болашақта одан мықты ойыншы шығады", — деді Дешам.

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте ойынның маңызды болғанын және команданың ӘЧ-2018-дегі мүмкіндіктерін өзгерткенін мәлімдеді. 

"Бұл біз үшін өте маңызды ойын болды, қолымыздан келгеннің бәрін жасап бақтық деген ойдамын. Енді келесі матчқа ешбір алаңсыз дайындала берсек болады. Аргентинамен ойын біздің мундиалдегі мүмкіндіктерімізді жақсы жаққа өзгертті", — деді Канте.

ӘЧ-2018. Ресей құрамасының ойыншылары - Sputnik Қазақстан
Спорт
ӘЧ-2018: Ресей алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
 

Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли де франциялық Килиан Мбаппеге қатысты пікір білдіріп, өзінің командасы оның жылдамдығына ілесе алмағанын айтып өтті. 

"Бұл футбол, мұнда барлығын ойыншылар шешеді. Мұндай формадағы Мбаппе ойнайтын командаға қарсы тұру қиын", — деді Сампаоли пресс-конференция барысында. 

Сондай-ақ, ол өз командасының нәтижесіне көңілі толмай отырғанын айтып өтті. 

"Мен Ресейдегі әлем чемпионатына келгенім үшін өте қуаныштымын, біз мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаған едік. Бірақ бұл сәтсіздік мені бапкер ретінде қайрай түсетіні анық", — деп қосты Сампаоли. 

Кавани дублі — Уругвай жеңісі

Дәл осы күні Сочидің "Фишт" стадионында Уругвай құрамасы Португалия командасын 2:1 есебімен ұтты. Эдинсон Каваниді жарақатына байланысты екінші таймда басқа футболшы алмастырды. Ал португалиялықтарда Пепені басқа ойыншы алмастырды. 

"Бүгін осыны жасай алғаным үшін ерекше қуанып тұрмын. Бізге жанкүйер болған жандарды қуанта түскім келеді. Ал жарақатыма келер болсақ, мен ойынды соңына дейін жеткізе алмайтынымды сездім. Жақын уақытта барлығы белгілі болады", — деді пресс-конференцияға қатыспаған Кавани матчтан кейін. 

Футболдан Уругвай құрамасының бас бапкері Оскар Табарес өтіп жатқан чемпионатта өзінің командасының ешбір қарсыластан қорықпайтынын айтты. 

"Кейбіреулер біздің қарсыластарымыздың әлсіз болғанын айтқан еді. Бірақ, меніңше, Португалияны осал қарсылас деуге ешкімнің аузы бармайды", — деді Табарес. 

Футболдан әлем чемпионатына арналған айшықты граффити - Sputnik Қазақстан
Фото
Футболдан әлем чемпионатына арналған айшықты граффити

Португалияның бас бапкері Фернанду Сантуш өз кезегінде қарсыласын келесі раундқа өткенімен құттықтады. 

"Не болғанын өзім де түсіне алмай отырмын. Бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенген едік. Қазір ғана киім ауыстыратын бөлмеден келе жатырмын, ойыншылардың көңіл-күйлері жоқ. Уругвай құрамасын жеңістерімен құттықтаудан басқа амал жоқ", — деді Сантуш пресс-конференция барысында. 

Уругвайлықтар мұның алдында Мысыр (1:0), Сауд Арабиясы (1:0) және Ресей (3:0) құрамаларын ұтып, А тобының жеңімпаздары атанған еді. 

6 шілде күні Нижний Новгородта әлем біріншілігінің ¼ финалында Уругвай құрамасы Франция командасымен ойнайды.


Жаңалықтар
0