Спорт

Кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жек: Елеусінов кіммен жұдырықтасады?

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Елеусінов Лондондағы York Hall рингінде венгриялық боксшы Золтан Шабомен жекпе-жекке шыққан болатын

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің мүддесін жақтаушы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді – видео

"Данияр Елеусінов Габор Горбичке қарсы 4 тамызда  Кардифф қаласындағы кеште жекпе-жекке шығады", — делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

30 жастағы венгриялық боксшы Габор Горбичпен қазақстандық былғары қолғап шебері Лондонда алтыншы маусымда кезігуге тиіс болатын. Алайда Горбич ауыр жарақат алғандықтан, жекпе-жек болмай қалды. Сол кезде ол жазылып шыққан соң Елеусіновпен жұдырықтасуға уәде берген еді.

Ал 6 маусым күні Елеусінов Лондондағы York Hall рингінде венгриялық басқа бір боксшы Золтан Шабомен жекпе-жекке шыққан.

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

Қуат Хамитов қай қазақ боксшысы келесі әлем чемпионы болатынын айтты

Жаңалықтар
0