Спорт

Еуропа лигасы: "Қайрат" андоралық команданы ойсырата ұтты

Жазылу
Ойын барысында үш гол соғылды. Шабуылды нәтижелі аяқтағандар: Адеринсола Эсеола, Бауыржан Исламхан және Мартон Эппель

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Алматының "Қайрат" футбол клубы қонақта "Энгордани" командасын ойсырата ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Андорра-ла-Вельяда өткен кездесу 3:0 есебімен алматылықтар пайдасына шешілген.

Бірінші гол бесінші минутта соғылды. Гол авторы — Адеринсола Эсеола, ал 25-ші минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден допты қақпаға тоғытты. Осы ойынның нүктесін қойған голды 90-шы минутта Мартон Эппель салды.

Қарымта матч 19 шілдеде 19.00-де Алматыда өтеді.

Еуропалық бомбардир "Қайрат" футбол клубы құрамында ойнауы мүмкін

Мадридтік "Реал" қазақстандық "Қайратты" жақтайды


Жаңалықтар
0