Спорт

Промоутер Том Леффлер Головкиннің "жолын қуған мұрагерін" атады

CC0 / / Боксшы
Боксшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Том Леффлер Геннадий Головкин сияқты атақты чемпион болатындай әлеуеті бар боксшыны атады

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Америкалық промоутер Том Леффлердің пайымдауынша, 23 жастағы украин нокаутері Сергей Богачук орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сияқты жоғары жетістіктерге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

"Богачук болашағынан үміт күттіреді. Абель Санчес те жақсы бапкер. Жаттығу кезінде қалай барын салып дайындалатынын, Головкин мен Гассиевтен көп нәрсе үйреніп жүргенін байқаймын. Болашақта ол да сондай жетістікке жететініне сенімім мол", — дейді Леффлер Luckypunch.net басылымына берген сұхбатында.

Биг Бэар жаттығу лагерінде Богачук Головкин, Гассиев және тағы басқа боксшылармен жаттығып жүр.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
GGG Сондерспен неліктен жұдырықтаспады? Головкиннің промоутері шынын айтты

"Жас жігіттердің мұндай мықты боксшылардан үйренері көп. Солармен жұмыс істеп, Сергей шеберлігін шыңдай түседі. Сергейдің рингте өзін ұстауы халыққа ұнайды. Адамдар нокаутты жақсы көреді ғой. Майк Тайсон неге сондай танымал болды? Өйткені бәрін нокаутқа түсіретін. Богачук нокауттарының арқасында Головкин сияқты атақты болады деп ойлаймын. Әйгілі чемпион болуға қауқары жетеді", — деді Леффлер.

Айта кетейік, Том Леффер – қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері. GGG – "Канело" жекпе-жегі биыл 15 қыркүйекте болмақ.

Тағы оқыңыз:

"Канело" допинг дауына кім кінәлі екенін жайып салды

Головкин "Канелодан" кейін кіммен жұдырықтасады?

Жаңалықтар
0