Спорт

"Тіпті Nokia 3210 жарылып кетуші еді". Головкиннің қабілеті таңғалдырды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG — Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Атақты Sportbible.com басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің рематчы алдында олардың алғашқы жекпе-жегіндегі таңғаларлық сәтті жанкүйерлердің есіне салды, деп хабарлады Sports.kz.

Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкиннен күшті, "Канелодан" жылдам". Жас чемпион әлемді таңғалдыруда

"Алғашқы жекпе-жектен кейін "Канелоның" жойқын соққыларының бірі жұрттың назарын аударды, алайда Головкин оны шыбын шаққан құрлы көрмеді. Жер шарындағы кез келген адамның қас қағым сәттен кейін аяғы аспаннан келуші еді, алайда Головкин жекпе-жекті әрі қарай жалғастырды.  

Оған кім шыдай алады? Тіпті Nokia 3210 телефонының өзі мұндай бір соққыдан жарылып кетуші еді, алайда Головкин ештеңе болмағандай жұдырықтаса берді", — деп жазды мақала авторы.

Естеріңізге сала кетейік, GGG — Альварес жекпе-жегі өткен жылы тең аяқталған болатын. Көптен күткен екінші жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) осы жылы 15 қыркүйекте өтеді.  

Жаңалықтар
0