Спорт

Чемпион болған қазақстандық боксшы жеңісін Денис Тенге арнады

© AP Photo / Steven SenneДенис Тен, архивтегі фото
Денис Тен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Әли Балоев америкалық Ричард Уркисоны бірінші раундта жеңді

АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әли Балоев өзінің кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісін таяуда көз жұмған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады, деп хабарлады Sports.kz.

Балоев Остиндегі (АҚШ, Техас штаты) бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жасөспірімдер арасындағы бірінші ауыр салмақта бос тұрған NABF чемпионының белбеуін жеңіп алды.  

"Ассалаумағалейкум! Құттықтап жатқандарыңыз үшін рахмет!… Мен қуанып та, қайғырып та отырмын, бүгін жеңіске жеткеніме қуандым, енді мен Солтүстік Америка чемпионымын, ал мұңға батуыма қазақстандық Денис Теннің орны толмас қазаға ұшырауы себеп болды. Менің жеңісім және белбеуім осы бір тамаша спортшы әрі жақсы адамды еске түсіруге арналғанын қалаймын. Мен, Әли Балоев, өз жеңісімді шын жүректен Денис, саған арнаймын!", — деп жазды Балоев Instagram-да.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында екі ұры Денис Теннің көлігінің айнасын шешіп алмақ болған. Сол жерде төбелес шығып, қылмыскерлердің бірі мәнерлеп сырғанаушыға пышақ жарақатын салған. Денис көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.  


Жаңалықтар
0