06:01 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Бокс рингі

Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

CC0
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1077 0 0

Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшылар Әли Балоев (6-0, 5 КО), Искандер Харсан (4-0, 4 КО) және Асхат Жантұрсынов (1-0, 1 КО) АҚШ-тағы жеңістерінен кейін жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді, деп хабарлады Sports.kz.

Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс. Яғни, енді Балоев пен Жантұрсынов 5 тамыздан кейін, ал Харсан 7 тамыздан кейін ғана жекпе-жек өткізе алады.   

Естеріңізге сала кетейік, Балоев Остинде (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жасөспірімдер арасындағы бірінші ауыр салмақта бос тұрған NABF чемпионының белбеуіне ие болған еді. Искандер Харсан мексикалық Мануэль Рубалькаваны (4-28, 0 КО) нокаутқа түсірді, ал Асхат Жантұрсынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Питт Рейнді мерзімінен бұрын жеңді, АҚШ өкілі де кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.  


Тақырып бойынша

Қазақ боксшы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғайды
Тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақ қызын жеңген вьетнамдық еркек боксшы болып шықты
Алматыда танымал боксшы қатысқан төбелестің видеосы шықты
20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын 84-секундта нокаутқа түсірді
"Ол – өзге ғаламшарлық боксшы". Пакьяо "Канелодан" қорқатынын айтты
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Әли Балоев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып