Спорт

Головкин мен "Канело" түсіру алаңында төбелесіп қала жаздады – видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рематчтың промо-ролигін түсіру алаңында қос боксшы бір-бірін жек көретінін байқатқан

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Сауль "Канело" Альварес жекпе-жекке бір апта қалғанға дейін Геннадий Головкинмен бірлескен медиа-ісшаралар өткізгісі келмейтінін мәлімдеген еді, соған қарамастан боксшылар шілденің ортасында екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру алаңында кездесті, деп хабарлады Sports.kz.

TMZ.com мәліметінше, кездесу кезінде қос боксшы да қарсыласын жек көретінін байқатқан, тіпті түсіру алаңында бір-біріне тіл тигізген.    

Түсіру процесінің кадрларынан GGG мен "Канело" қойылымдағы соққыларды іс жүзінде жасауға дайын екенін көруге болады. 

​Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.   


Жаңалықтар
0