Спорт

Ковалев ойламаған жерден нокаутқа түсіп қалды – видео

© Photo : Kokeshi75Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жетінші раундта ресейлік боксшы жойқын соққыны өткізіп алып, раунд соңына дейін шыдай алмады

АСТАНА, 5 тамыз — Sputnik. Ресейлік Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альварестен жеңіліп қалуы сенсациялық оқиға болды, деп жазды Sports.kz.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді – видео

Ковалев жекпе-жек барысын өз бақылауында ұстағанына қарамастан, жетінші раундта ресейлік боксшы басынан жойқын соққыны өткізіп алып, есеңгіреп қалды. Ковалев раунд соңына дейін шыдай алмады: Альварес оны тағы екі рет құлатқаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.   

Естеріңізге сала кетейік, аталған жекпе-жектің андеркардында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңістеріне жетті. 

Головкин мен "Канело" сөзге келіп қалып, бір-бірін жек көретінін байқатты 

Футбол ойнайды: "президенттің сүйікті жиені" туралы не білеміз?   

Сергей Ковалев — Элейдер Альварес жекпе-жегінің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.   

Жаңалықтар
0