Спорт

ММА чемпионын өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Дархан МусинАралас жекпе-жек шебері, архивтегі фото
Аралас жекпе-жек шебері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джамшид Кенжаев пен оның қасындағы жолдасын он шақты адам жабылып ұрған

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Ғаламторда аралас жекпе-жектен Өзбекстан чемпионы Джамшид Кенжаевтың ауыр жарақат алған сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлады prosports.kz.

Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Үш баланы көміп кеткен қаскөй көршілерінен кек алмақ болғанын айтты

9 тамызға қараған түні Ташкенттегі "Аурум 898" түнгі клубында төбелес шығып, салдарынан Кенжетаев қайтыс болған еді.

Видеода төбелес басынан аяғына дейін толық түсірілген. ММА чемпионы мен оның қасындағы жолдасын он шақты адам жабылып ұрған. Жерге құлатып тастап, тепкен, бита және орындықпен соққы жасаған. Кейін арасындағы біреуі спортшыдан пышақты тартып алып, жүрек тұсынан бірнеше рет сұғып алады.

Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері адам өлтірді деген күдікпен ұсталды 

Джамшид Кенжаев ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қала алмады. ММА чемпионы 25 жасында дүниеден өтті.

Жаңалықтар
0