06:26 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Геннадий Головкин

"Кедергі келтіргісі келді". Головкин ешкім күтпеген шындықты ашты

© AP Photo / John Locher
Спорт
Қысқа сілтеме алу
389710

Головкиннің айтуынша, "Канело" мен оның промоутері 5 мамырға белгіленген жекпе-жектің өткенін қаламаған

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Орта салмақта WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші кездесуі өтпейтіні белгілі болғаннан кейін 5 мамырдағы жекпе-жекті өткізуден неліктен бас тартпағанын түсіндірді, деп хабарлады Sports.kz.

GGG мексикалықтың орнына америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен кездесіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.

"Канело" допинг тестен өте алмауына байланысты 5 мамырдағы жекпе-жекке жіберілмейтіні түсінікті болған кезде, мен Синко де Майо мерекесіне белгіленген жекпе-жекті сақтап қалуға күш салдым. Синко де Майо — бұл бокс үшін өте маңызды дата, бұл бокс мерекесі. Жанкүйерлерді дымсыз қалдырғым келмеді. Сондай-ақ белсенді болып қалғым келді. Мексика мерекесіндегі бокс кешінің хедлайнері болған маған ұнайды. Бұл менің жанкүйерлерімді көбейтеді", — деді әлем чемпионы.

  Геннадий Головкин "Канело" мен оның промоутері 5 мамырға белгіленген жекпе-жектің өткенін қаламағанын атап өтті, өйткені соның кесірінен рематч өтпей қалады деп алаңдаған. 

"Канело" жеңсе, солай-ақ болсын". Санчестің мәлімдемесі жанкүйерлерді таңғалдырды    

"Көптеген адам Синко Де Майодағы жекпе-жегіме кедергі келтіруге тырысты. Алайда олардың қалауы мені уайымдатқан жоқ. Мен үшін, фанаттар үшін және тұтас бокс үшін бұл датадағы жекпе-жекті сақтап қалу маңызды болды. Бұл менің шешімім еді. Жанкүйерлер оны асыға күтті", — деп толықтырды ол. 

"Мен үшін фанаттарға қызықты жекпе-жек сыйлау маңызды. Сондықтан Абель Санчес үйреткен мексикалық стилде жұдырықтасамын. Әуесқой бокста жүргенімде әлем чемпионы болуды армандадым. Арманыма жету үшін көп тер төктім, одан бас тартуға дайын емеспін. Сол себепті Синко де Майода жұдырықтасу мен үшін маңызды. Маған әлем чемпионы болу ұнайды. Титулдарымды қорғағым келеді. Сондықтан 15 қыркүйекте және одан кейін де әлем чемпионы болып қалу үшін тыңғылықты дайындалып жатырмын, — деп түйіндеді Головкин. 

Сарапшы Головкиннің соққылары "Канелоға" дәл тимегенін айтты 

Тақырып бойынша

Головкин айырылып қалған IBF титулы үшін жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды
Головкин мен "Канело" түсіру алаңында төбелесіп қала жаздады – видео
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Головкин "Канелоның" ұят қылықтарын тағы да бетіне басты
Головкин IBF титулын қайтарып алуы мүмкін
"Ол жынданып кете жаздады". Леффлер Головкин басынан кешкен қиын кезеңді еске алды
"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
шындық, әлем чемпионы, кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып