Спорт

Жас қазақ боксшысы америкалық қарсыласын екі минутта "сабап" тастады - видео

Жазылу
Супер ауыр салмақта шаршы алаңға шығып жүрген Дамир Тойбай қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді

АЛМАТЫ, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы америкалық жігітті бірінші раундта соққыға жығып, жеңіске жетті. Көрерменді сүйсіндірген кездесу Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында болған, деп хабарлайды Sports.kz.

Дархан Нортаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Дархан Нортаев Азиада алтынын қанжығасына байлады

Жас қазақ боксшысы Дамир Тойбай қарсыласы Дрейк Бэнксті 1/8 финалда ұтты. Тойбай жекпе-жек басталған бойда америкалық жігіттен басымдығын көрсетіп, шаршы алаңда мықтылығымен көзге түсті, раундтың бітуіне екі минут қалғанда соққы қарқынын одан бетер үдетті: үздіксіз шабуылымен қарсылық көрсетуге мүлдем мүмкіндік бермей қойды. Екінші минут аяқталар кезде америкалық иегінен бірнеше қатты соққы алып, ара қашықтықты сақтауға шамасы жетпей қалды. Төреші Бэнкстің нокдаун алғанын жариялап, кейін жекпе-жекті жалғастыратын хәлде емес деген шешім қабылдады.

Дамир Тойбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ширек финалда қазақ жігіті венгр Коппани Фехерге қарсы шығады. Кездесу 27 тамызда күндіз болмақ.

Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды

Кәсіпқой қазақ боксшысы Димаш Ниязовтың үйлену тойы қалай өтті — видео, фото

Жаңалықтар
0