Спорт

Бокстан әлем чемпионы Головкин енді футболшы болғысы келеді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG америкалық "Лос-Анджелес" футбол клубында қонақ болып, алған әсерімен бөлісті

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы "Лос-Анджелес" америкалық футбол клубының қорғаушысы болуға дайын.

Орташа салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC және IBO бойынша әлем чемпионы Головкин футбол командасының құрметті қонағы болып,  жанкүйерлеріне алған әсері туралы айтты.

Боксшы "Банк Калифорния" стадионында болғанына өте қуанышты екенін атап өтіп, клубқа қорғаушы керек болса, көмекке келуге әрқашан дайынмын деп әзілдеді.

Шаршы алаңда жеңілмеген қазақстандыққа футболшылар сыйлық тарту етіпті – GGG деген жазуы бар қара футболка және бейсболка.

Боксшының жанкүйерлері Сауль "Канело" Альвареске қарсы қарымта жекпе-жегінде жеңіс тіледі.

GGG — "Канело" кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.

Головкин мен Канелоның бокс кеші үлкен шығынға тап болды

Головкин ешкім күтпеген шындықтың бетін ашты

Жаңалықтар
0