Спорт

Қазақстандықтар Головкин-Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалайды

© AP Photo / John LocherГоловкин-Альварес
Головкин-Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көптен күткен қарымта кездесу Астана уақытымен 16 қыркүйекте болады

АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің көптен күткен қарымта кездесуі Qazaqstan және Qazsport арналарында, сондай-ақ Qazaqstan TV мобильді қосымшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады

Кездесу Лас-Вегаста 15 қыркүйекте немесе Астана уақытымен 16 қыркүйекте өтеді.

Былғары қолғап шеберлері WBA (Super), IBO және IBF титулдары үшін және орташа салмақ дәрежесінде чемпион атағы мен The Ring журналының чемпиондық белбеуі үшін таласады.

Головкин кәсіпқой рингтегі 38 жекпе-жегінің біреуін ғана теңбе-тең аяқтаған, ал 33 кездесуде қарсыласын нокаутқа түсірген.

Ал Канелода – 49 жеңіс, 1 жеңіліс және бір рет теңбе-тең түскен. 34 жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді.

Головкин енді футболшы болуды армандап жүр

Жаңалықтар
0