Спорт

Азиаданың финалында жұдырықтасқан екі қазақ та өзбекке есе жіберді

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Джакартада бокстан финалдық бәсекелер аяқталды. Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл финалда жеңіліс тапты, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

Әбілхан Аманқұл - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық боксшы Азиаданың финалына жекпе-жексіз өтті

Финалда 69 келіде жұдырықтасқан Асланбек өзбекстандық Бобо Усман Батыровпен кездескен болатын. Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті өзбек боксшысына берді. Есеп: 1-3. 

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан да Өзбекстан өкілімен күш сынасты. Жерлесіміз Исраил Мадримовке 2:3 есебімен жол берді. 

Осылайша қазақстандық боксшылар 2018 жылғы Азия ойындарында "алтынсыз" қалды. 

Жаңалықтар
0