Спорт

Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесу үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин – Канело қарымта жекпе-жегі Астана уақытымен 16 қыркүйекте өтеді

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Танымал испан тілді басылым AS.com Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жек үшін алатын сыйақы көлемдерін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы

WBC президенті Маурисио Сулейманға сілтеме жасаған басылымның мәліметіне сүйенсек, "Канело" кездесу үшін кепілдендірілген 30 миллион доллар алады, ал Головкиннің сыйақысы 20 миллион доллар. Бұл сомаларға HBO PPV-дағы ақылы трансляциялардың сатылуынан түскен үлес қосылады. Бұл жерде де мексикалық жігіттің олжасы анағұрлым көп болмақ, өйткені соңғы кездері PPV мен билеттердің нарықта сатылуына Альварес ықпал етіп жүр.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесуде Альварес өз капиталын 50 миллион долларға арттырған, ал Головкин 20 миллионға байыды. Бұл GGG мансабындағы ең жоғары сыйақы болып саналады.

Жаңалықтар
0