05:50 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Головкин-Альварес

"Канело" Головкинмен көз түйістіруден бас тартты - видео

© AP Photo / John Locher
Спорт
Қысқа сілтеме алу
308 0 0

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен ортақ медиа шаралар өткізуден бас тартқан

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қатысуымен олардың 15 қыркүйектегі матч-реванштарына арналған соңғы конференция өтті.

Бұл боксшылардың екеуі де қатысып отырған алғашқы кездесу. Екінші жекпе-жек алдында Альварес Головкинмен ортақ медиа шаралар өткізуден бас тартты. Бұған қазақстандық спортшының допинг-тестілерге қатысты айтқан пікірлері себеп болған.

Соңғы пресс-конференция кезінде Головкин мен Альварес сахна төріне шақырылды. Алайда бұл жолы "Канело" қарсыласымен көз түйістіруден бас тартты. Мексикалық спортшы қарсыласының көзіне тек рингте қарамақ сыңайлы.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен "Канело" реваншы 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланған еді. Алайда ол кейінгісінің допинг тестіден өте алмауы салдарынан болмай қалды. Қыркүйектегі жекпе-жектерін ұйымдастыруға да көп уақыт жұмсады. Былғары қолғап шеберлері өткен жылы алғашқы жекпе-жектері өткен T-Mobile аренасында жұдырықтасады.

 

 

Тақырып бойынша

Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Головкин "Канелоның" ұят қылықтарын тағы да бетіне басты
Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады
Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйға тартты
Кілт сөздер:
реванш, жекпе-жек, спорт, бокс кеші, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырыптар