Спорт

"Канело" салмақ өлшеу рәсімінде Головкинді ұрып жібермек болды – видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канело" жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп қала жаздады

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің соңғы салмақ өлшеу рәсіміне келген жанкүйерлер тосын оқиғаға куә болды. 

Головкин мен "Канело" дәстүрлі көз түйістіру рәсімінде төбелесіп кете жаздады. Осы кезде боксшылардың командалары да шекісіп қалды, ұйымдастырушылар оларды ажыратуға мәжбүр болды, деп жазды Sports.kz.

Se calentaron @Canelo @GGGBoxing pic.twitter.com/sXDev41ddF

​Айта кетейік, Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 килограмм), "Канело" 159,4 фунт (72,3 килограмм) тартты. 

Рематч 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қос боксшы да бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берді. 

 

 


Жаңалықтар
0