Спорт

Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаны үшін қанша гонорар алады?

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшылар туралы ақпарат тарататын агенттік Головкин мен Сауль Альварестің алдағы жекпе-жектен қанша гонорар алатынын айтты

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген реванш үшін 4 миллион доллар алады.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
HBO комментаторы: Головкиннің карьерасы емес, өмірі қыл үстінде тұр

Спортшылардың гонорары туралы ақпаратты ESPN басылымы таратты.

Журналист Дэн Раффаэлдің мәліметінше, GGG қарсыласы бұл жолы бір миллион доллар артық алмақ. Жалпы боксшылар 30 және 40 миллион доллардан алады. Бұл ақша ақылы трансляция есебінен келеді.

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегінде екеуі де тең түскен еді. Келесі жекпе-жекті қазақстандықтар 16 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00 мен 08:30 аралығында тікелей эфирден көре алады.

 

 

Жаңалықтар
0