Спорт

Головкинді жеңген "Канело" ұлды болды

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшының бұдан бөлек үш қызы бар

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің әйелі сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы АҚШ-тың шет тілінде хабар тарататын Despierta América арнасында айтылды. 

Альварестің келіншегі Нельда Сепульведо ұл босанды. Қос ғашықтың ұлдарының есімі — Сауль Адиэль. Ол мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу өткізгеннен кейін дүние есігін ашқан. Алайда әзірге "Канело" ұлды болуына қатысты ақпарат таратпады. Оның бүгінде Мария Фернанда Альварес Гомес, Эмилия Саннамон Альварес және Миа Энер есімді үш қызы бар.

"Канелоның" Сауль Адьел есімді ұлының алғашқы суретін ұсынамыз. Бұл сәбидің анасы — Нельда Сепульведа", — деп жазды Despierta America өзінің Instagram парақшасында.

15 қыркүйек күні Лас-Вегаста төрешілер шешімімен жеңіске жеткен мексикалық WBC, WBA (Super), IBO және The Ring белбеулерін иеленді.

 

 

Жаңалықтар
0