Спорт

Головкин үшінші жекпе-жекке келісті. Канело дайын ба?

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абель Санчес келесі жылы қазақстандық боксшының ең кемі екі рет жұдырықтасқанын қалайды

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі жылы GGG қанша жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды

— 2019 жылы "Канелоға" қарсы қарымта жекпе-жек болмайды деп болжасақ, онда сіз келесі жылы GGG-дің қанша рет рингке шыққанын қалар едіңіз?

— Кем дегенде екі рет жұдырықтасқанын қалар едім. Мүмкін үш рет.

Головкиннің промоутері Том Леффлер де қазақстандық боксшының алдағы жоспарларына тоқталды. Ол Геннадийдің "Канеломен" үшінші рет шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.

Головкиннің бапкері тосын мәлімдеме жасады

"Қазір Геннадий отбасымен демалып жатыр, ал кейін біз әрі қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Golden Boy не шешетінін көрейік, олар жыл соңында "Канело" үшін жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін естідім. Егер трилогия болмаса, онда біздің басқа жоспарларымыз бар. Бірақ біз үшінші жекпе-жекке дайынбыз", — деді ол.

Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты

Леффлердің айтуынша, титулдардың болмауы, бір жағынан, Головкинге пайдасын тигізеді.

"Муратамен жекпе-жек? Әрине, ол да мүмкін, бұл тамаша айқас. Ол қазан айында Лас-Вегасте қолғап түйістіргелі жатыр. Top Rank-пен де қарым-қатынасымыз жаман емес, бұл да жақсы мүмкіндік. Сондерс те Андрадемен жұдырықтасады, біз Сондерске қарсы жекпе-жекті үнемі қолдаймыз. Бір жағынан, қазір жақсы: титулдар жоқ, міндетті жекпе-жектер де жоқ, тиісінше қысым да жоқ. GGG үшін ненің жақсы болатынын көреміз", — деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен қарымта жекпе-жекте отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен жеңілді. Осылайша GGG барлық чемпиондық белбеуінен айырылды.

Жаңалықтар
0