13:11 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Спорт
Қысқа сілтеме алу
4103 0 0

Колумбиялық Альварестің пікірінше, екінші жекпе-жекте Головкиннің жойқын соққылары "Канелоға" дөп тиген

АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша колумбиялық әлем чемпионы Элейдер Альварес өзімен тегі бірдей мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді екінші жекпе-жекте жеңді дегенге келіспейді, деп жазды Sports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, GGG мен "Канелоның" қарымта кездесуі 16 қыркүйек күні өтіп, төрешілердің шешімімен Сауль жеңіске жетті. Бір жыл бұрын алғашқы жекпе-жек тең аяқталған болатын.  

"Бұл жолы "Канело" жақсырақ жұдырықтасты, өйткені ол әрдайым алға ұмтылып отырды, дегенмен қарсыласының едәуір жойқын соққыларын өткізіп алды, сондықтан мен Головкин жеңді деп есептеймін. Бірақ кейде бокста мұндай жағдайлар болып тұрады", — деді Элейдер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

  

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте тағы да кездесуі мүмкін. Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Сауль үшінші жекпе-жек өткізудің шарттарын ұсынды. 

Оның пікірінше, оларды дәл қазір қайта жұдырықтастыру ақымақтық болады.

"Канело" супер жұлдыз ретінде өз жолымен жүре береді. Ол бұған осы соңғы жекпе-жектің арқасында жетіп отыр. Головкин қайта қалыпқа келіп, бірнеше боксшымен жұдырықтасып жеңіске жетсін. Содан кейін ғана біз оларды кездестіреміз", — деді ол.

 


Тақырып бойынша

Головкин үшінші жекпе-жекке келісті. Канело дайын ба?
Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды
Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті
Майк Тайсон Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді
Желіде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды
Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты
Кілт сөздер:
реванш, кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып