Спорт

Пакьяоны нокдаунға жіберген қазақ Головкиннің шынымен жеңілгенін айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серікжан Ешмағамбетовтің пікірінше, "Канело" Головкинге қарағанда соққыларын көбірек дарытқан

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лас-Вегаста Сауль Альварестен төрешілер шешімімен жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарынан айырылып қалды.   

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді

Кезінде Мэнни Пакьяоны нокдаунға жіберген белгілі қазақстандық төреші Серікжан Ешмағамбетов Sports.kz-ке орта салмақтағы екі үздік боксшының жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.   

"Геннадий бұл жекпе-жекке өз командасымен дайындалды, сондықтан кәсіби спортшының дайындығын бағалағым келмейді. Дегенмен рингке шыққанда бапкердің кеңес бергенін қалайсың. Сондай-ақ боксшы бапкерге құлақ асып, оның айтқанын рингте орындауы керек. Барлық адамның кемшілігі болады, алайда   Санчес бұл жекпе-жекте қолынан келгеннің бәрін жасады. Абель Головкинге джебті іске қос дегенін естідік, бірақ джеб дарымай жатты, меніңше соққыны еселеуі немесе басқа нәрсе ойлап табуы тиіс еді – мұндай жағдайда алдамшы қимылдар жасау керек.

Головкин мен Санчес біраз уақыт өткеннен кейін сұхбат беріп, бұл жекпе-жекті өздері бағалай жатар. Мен бұл жекпе-жекте Геннадийге қиянат жасады деп ойламаймын – қалай дегенде де жекпе-жек аяқталғаннан кейін боксшылардың жүзіне қарап, ол жекпе-жекте кім көп соққы дарытқанын түсінуге болады", — деп есептейді маман.    


Айта кетейік, Серікжан Ешмағамбетов бүгінде төрткүл дүние танитын боксшылардың бірі Мэнни Пакьяомен жұдырықтасқан. Бұл жекпе-жекте Мэннидің мерейі үстем болғанмен, Серікжан Ешмағамбетов қарсыласына оңайлықпен берілген жоқ, тіпті бір рет сұлатып та түсірді.

Жаңалықтар
0