Спорт

Жаттықтырушысы Головкинге жасы қалай әсер ететінін айтты

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абель Санчес Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек келер жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін екенін жеткізді

ПЕТРОПАВЛ, 26 қыркүйек — Sputnik. Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес алдағы уақытта Сауль "Канело" Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке және қазақстандық спортшының жасына қатысты пікір білдірді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін өз жоспарлары жайлы айтты

15 қыркүйек күні боксшылар реванш өткізіп, бұл кездесуде төрешілер шешімімен "Канело" жеңіске жетті. Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліс тауып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды. Олардың бірінші жекпе-жектері тура бір жыл бұрын өтіп, екеуі тең түскен еді.

"Екеуіне де демалыс керектігін түсінемін. Том Леффлер мен Оскар Де Ла Хойя жүздесіп, үшінші жекпе-жек өткізу қаншалықты мүмкін екендерін анықтаулары тиіс. Меніңше, көрермендер бұл жекпе-жектің өткенін қалайды. Сол себепті, промоутерлер келесі жылдың қыркүйек айында үшінші жекпе-жек өткізуге келісіп жатса жақсы болатын еді", — деді Абель Санчес On The Ropes Boxing радиосына берген сұхбатында.

Жаттықтырушы, сондай-ақ, үшінші жекпе-жекте жеңіске жетуге Головкиннің жасы айтарлықтай кедергі болмайтынын жеткізді.

"Бұл жолы екеуі де сырт көзге жақсы көрінді. Әрине, келер жылы Геннадий 37 жасқа толады,

ал біз шындыққа тура қараймыз.

Жас белгілі бір рөл атқаратыны сөзсіз. Бірақ мен келер жылы ол әсер етпейді деп ойлаймын. Меніңше, олар Маркес пен Пакьяо секілді бір-біріне сай келеді. Егер олар дәл солай жұдырықтасып, өздерін көрсете білсе, жастағы айырмашылық аса көзге білінбейді деп ойлаймын", — деді Абель Санчес.

Жаңалықтар
0