Спорт

Альварес келесі кездесуін Головкиннің "екінші үйінде" өткізеді

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин "Мэдисон Сквер Гарденді" өзінің екінші үйі болып кеткенін айтқан болатын

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Орта салмақтағы WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін алдағы жоспарларын нақтылады.  

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
WBC Головкиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жекке қатысты жоспарын жариялады

Sports.kz жазғандай, Golden Boy промоутерлік компаниясының матчмейкері Роберт Диас Альварес 15 қыркүйек күні Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында жұдырықтасатынын хабарлады.  Оның қарсыласы канадалық Давид Лемье болуы мүмкін. 

"Канело"Нью-Йоркте алғаш рет жұдырықтасқалы жатыр. Ал Геннадий Головкин үшін "Мэдисон Сквер Гарден" таңсық емес. Қазақстандық боксшы негізгі аренада үш және "шағын"  Madison Square Garden Theater аренасында екі жекпе-жек өткізді. 2017 жылы  Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек алдында Головкин тіпті "Мэдисон Сквер Гарден" өзінің екінші үйі болып кеткенін айтқан болатын.  

Айта кетейік, WBC президенті Маурисио Сулейман Головкиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін мәлімдеді.

"Канело" белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетінін білдірді", — деп атап өтті Сулейман.


Жаңалықтар
0