22:38 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Геннадий Головкин

Головкин екі әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасатыны жария етілді

© AFP 2019 / Frederic J. Brown
Спорт
Қысқа сілтеме алу
2500 0 0

Абель Санчес қазақстандық боксшы WBA "тұрақты" чемпионы және WBO чемпионы белбеулері үшін жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері (38-1-1, 34 КО) Абель Санчес орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін екі жекпе-жекке түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.

Әңгіме WBA "тұрақты" чемпионы Риота Муратамен (14-1, 11 КО) өткізілуі мүмкін жекпе-жек пен Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг-тестен сүрінуіне байланысты белбеуінен айырылып қалған жағдайда, бос қалған WBO титулы үшін ұйымдастырылатын айқас жайлы болып отыр.   

"Мурата дейсіз бе? Онымен кездесуіміз мүмкін. Бұған дейін оның промоутері Акихико Хонданың өзі бұл мәселені көтерген еді. Ол бұл жекпе-жек ұнайтынын айтты. Сондықтан бәрі де мүмкін. Сонымен қатар допинг-тестен сүрінген Сондерстің белбеуіне де көз тігіп отырмыз – егер оның белбеуін қайтарып алса, біз бос қалған титул үшін жұдырықтасатын шығармыз, кім білсін", — деді Санчес. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман сондай-ақ Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, Головкиннің реванш өткізу жайлы ұсынысы ескерусіз қалмауы керек.

"Канело" белбеуін қорғауға міндеттелуі мүмкін, алайда өз еркімен қорғайтын жолдары да бар. Сондай-ақ біз Головкин реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек ресми жарияланған жоқ, алайда ол оны өткізгісі келетінін жеткізді", — деп атап өтті Сулейман.


Тақырып бойынша

Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін өз жоспарлары жайлы айтты
Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді
Головкин үшінші жекпе-жекке келісті. Канело дайын ба?
Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды
Мейвезер Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді
Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті
Кілт сөздер:
чемпиондық титул, белбеу, кәсіпқой бокс, Сондерс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып