Спорт

Астанада жанкүйерлер Головкинге тік тұрып қошемет көрсетті - видео

© Photo : Официальный сайт ХК "Барыс"Геннадий Головкин Барыс - ЦСКА ойынында
Геннадий Головкин Барыс - ЦСКА ойынында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин "Барыстың" матчынан кейін видео жариялап, қазақстандықтарға алғысын білдірді

АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Құрлықтық хоккей лигасының "Барыс" – ЦСКА матчын көруге келді.

Елордалық "Барыс" хоккей командасының жанкүйерлері арасында боксшының да бар екенін жүргізуші жариялаған. Содан кейін Геннадий Головкин орнынан тұрып, көрермендерге қол бұлғады. Ойынға жиналған жұрт "Гена! Гена!" деп ұрандатып, боксшыға қошемет көрсетті.

Геннадий Головкин матчты VIP-трибунадан тамашалап отырды. Оның қасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, "Атамекен" ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаев пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.

Ойыннан кейін Головкин өзіне қошемет көрсеткен жанкүйерлердің видеосын жариялап, "Құшақ жая қарсы алғандарыңызға рахмет!" деп жазған.

Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жегінен соң 2 қазанда Қазақстанға келген еді. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. АҚШ-тан келген соң боксшы туған қаласы Қарағандыға оралды.

 

 

Жаңалықтар
0