10:34 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде

"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Спорт
Қысқа сілтеме алу
25685102

Спортшының пікірінше, Қазақстанда жас боксшыларға жағдай жасалмаған

АЛМАТЫ, 5 қазан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ аумағында жас спортшыларға қолдау көрсететін GGG Promotion компаниясын ашты. 

Қазір  компания Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп жатыр. 

Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар.  

GGG  журналистердің "спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?" деген сұрағына жауап берді. 

" Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин.

Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс. 

"Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды", — деді Головкин.

  • Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Геннадий Головкиннің жанкүйерлері баспасөз конференциясынан кейін
    Геннадий Головкиннің жанкүйерлері баспасөз конференциясынан кейін
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде

 Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчын тамашалады. 


Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Геннадий Головкин, АҚШ, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып