Спорт

МакГрегор мен Нурмагомедов салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қала жаздады - видео

© REUTERS / Noah K. Murray-USA TODAY SportsХабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор
Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазанда таңертең болады

АСТАНА, 6 қазан  — Sputnik. Лас-Вегас қаласында UFC 229  жарысы алдында Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор төбелесіп қала жаздады. Бірі-біріне қарама-қарсы қарап тұрғанда, ирландық қарсыласын төбелеске арандатпақ болып, кейін аяғымен теппек болды.

Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазанда таңертең болады. Ресейлік балуан жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғамақ.

Бұдан бұрын Нурмагомедов кездесуден кейін МакГрегормен қол алыспаймын деген еді. Ирландық та қарсыласымен "бітімге келуден" бас тартты.

МакГрегор, өз кезегінде, Нурмагомедовті ойсырата жеңуге уәде берген. 

Бұдан бұрын екі балуан да бір-бірін балағаттап, тіл тигізген болатын.

Жаңалықтар
0