13:05 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Геннадий Головкин

"Уақытты бағалаймын". Головкин қолы қалт етсе не істейтінін айтты

© Sputnik / Тимур Батыршин
Спорт
Қысқа сілтеме алу
743 0 0

Әлемге танымал қазақстандық спортшы Syneq бизнес форумында болып, чемпиондыққа қалай қол жеткізуге болатынын айтты

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматы қаласында көпшілік алдында сөз сөйледі.

"Мен әлемдегі ең қарапайым адаммын — менің өздеріңіздікіндей екі қолым, екі аяғым бар", — деп Головкин өзін ерекше адам деп атаған жүргізушінің сөзін бөлді.

GGG табысқа жету үшін адамға қандай қасиеттер керек екенін айтты.

"Бұл бизнес пен шоу-бизнес араласқан спорт түрі. Қандай қасиеттер дейсіздер ме? Әлбетте, бұл мақсаткерлік, еңбекқорлық және алдыға мақсат қойып, соған жете білу. Ұзақ уақыт чемпион болу үшін адамға әуелі жұдырықтай жұмыла білетін команда қажет. Сол кезде адам сөзсіз чемпион болады деп ойлаймын", — деді Головкин.

Сондай-ақ, боксшы неліктен спорттан өзге тақырыптарда сұхбат бере бермейтінін түсіндіріп өтті.

"Мен барша жерлесіме алғыс айтамын. Мұның барлығы осы кісілердің қолдауының арқасы. Мен өзіме жарнама жасамаймын, бар болғаны тәжірибемді бөлісемін. Көп уақытымды жұмыста, жаттығу алаңында өткіземін. Бар болғаны бұйырған бос уақытты бағалауға тырысамын. Қолым қалт етсе отбасыммен бірге боламын. Мысалы, бүгін осы жерге келмегенімде мен отбасыммен бірге болатын едім", — деді Геннадий Головкин.

Әрі қарай ол мүмкіндігіміз жоқ деп налыған жандарға кеңес берді

"Қазір күштілер мен батыл жандардың уақыты. Іске кірісіңдер! Шын мәнінде, қолдан келмейтін ешнәрсе жоқ. Мен Қарағандыдан шыққан қарапайым жігітпін. Белгілі бір жетістіктерге жеткендіктен, қолдан келмейтін ешнәрсе жоқ екенін жақсы түсінемін", — деді боксшы.

Форумнан кейін жанкүйерлері Головкиннің көлігін қоршап алып көпке дейін жүргізбей қойды.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтті. Төрешілердің шешімімен кейінгісі жеңіске жетті. 

Тақырып бойынша

Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Головкин екі әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасатыны жария етілді
Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды
Майк Тайсон Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді
Әйгілі промоутер: Головкин екі мәрте жеңіске жеттім деп ойлауға құқылы
"Өзімді әлі де чемпион санаймын". Головкин жеңілісті қалай қабылдағанын айтты
Бапкер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болуы мүмкін екенін айтты
Кілт сөздер:
табыс, уақыт, бокс, спортшы, қазақстандық боксшы, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып