Спорт

"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдымен, Хабиб ринг сыртында тұрған жанкүйерлермен төбелесті

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорды жеңгеннен кейін ринг сыртында тұрған жанкүйерлермен төбелесіп кетті. Қос спортшы жеңіл салмақтағы UFC титулы үшін таласқан-ды, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

Лас-Вегас қаласында UFC 229 турнирі аясында өткен жекпе-жекте ресейлік жеңіске жетті. Ол қарсыласын төртінші раундта қылқындыру әдісі арқылы ұтты. Жекпе-жектен кейін ресейлік октагон сыртындағылармен жанжалдасып, кейін оларға қарай жұдырық ала жөнелді.

Жанкүйерлермен жанжалдасып үлгерген Нурмагомедов рингке қайта оралып, бұл жолы қос спортшы мен олардың командалары жаға жыртысты.

Осы жағдайға байланысты жеңімпазға белбеуді табыстау рәсімі өтпеді. Мұның себебін түсінбеген Нурмагомедов UFC ұйымдастырушыларынан "Менің белбеуім қайда?" деп сұрап, байбалам салды.

МакГрегор мен Хабиб аренадан кезек-кегімен кетті. Ресейлік спортшыны көптеген күзетші шығарып салды. Көрермендер Нурмагомедовке ысқырып, оған қарай қоқыс лақтырды.

Жаңалықтар
0