18:13 10 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.49
  • EUR421.06
  • RUB5.54
Хабиб Нурмагомедов

Хабиб: Макгрегордың бапкері мұсылман мақұлықсың деп айқайлады

© AP Photo / John Locher
Спорт
Қысқа сілтеме алу
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)
430 0 0

Нурмагомедов Макгрегорды жеңгеннен кейін қарсыласының командасымен төбелескен болатын

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жектен кейін болған оқиғаны еске түсірді. 

Хабиб қарсыласын тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін төртбұрыштан қарғып түсіп, Макгрегордың командасындағы адаммен төбелесіп кеткен болатын.  

"Жекпе-жек өтіп жатқанда Макгрегордың бапкері маған қарай не деп айқайлағанын естіген жоқпын. Қатты шу болып жатты. Дегенмен оның түрінен бәрін түсіндім. Оны бұрын да естіген едім. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар менің ойымдағының бәрін растады. Қасында журналистер тұрған, олар бәрін естіп, жазды.     

Ол мұсылман мақұлық деп және сол сарында бірдеңелерді айтып айқайлады. Қайталағым келмейді. Ол мүмкін емес.

Ештеңеге өкінбеймін. Жасағанымның бәрін қайта жасаушы едім. Тек ол кезде жекпе-жек ұзағырақ жалғасуы мүмкін… Аяусыз соққының астына аламын! Дегенмен онсыз да бәрі ойдағыдай өтті. Ол аяушылық танытуымды өтінді", — деп Коммерсантъ Нурмагомедовтің сөзінен үзінді келтірді.


Тақырып:
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)

Тақырып бойынша

Нурмагомедов пен Макгрегор фанаттары төбелесінің видеосы жарияланды
Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео
МакГрегор мен Нурмагомедов салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қала жаздады - видео
UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды
"Сасық егеуқұйрық". МакГрегор ашық жаттығу кезінде Нурмагомедовке тіл тигізді - видео
Кілт сөздер:
ережесіз жекпе-жек, төбелес, мұсылмандар, UFC чемпионы, Хабиб Нурмагомедов, Конор МакГрегор
Загрузка...

Басты тақырыптар