23:07 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Денис Тен

Денис Теннің жақындары қазақстандықтарға өтініш айтты

© Sputnik / Владимир Песня
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (61)
1813 0 0

Марқұм мәнерлеп сырғанаушының жақындары куәгерлерді іздестіру жұмысын қайта бастады

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Марқұм Денис Теннің туысқандары мен достары оқиға куәгерлерін іздестіруді қайта бастады, деп хабарлайды тілшісі.

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Теннің туысқандары мен достары спортшыға арналған Instagram желісіндегі ресми парақшада хабарландыру жариялады.
Денис Теннің туысқандары мен достары 19 шілде күні Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған қайғылы жағдайдың куәгерлерін іздестіріп жатыр.

"2018 жылы 19 шілдеде сағат 14:50 кезінде Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында көліктері тұрған азаматтар хабар берулеріңізді сұраймыз. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық ақпарат жинауға көмектесіңіздерші. Бұл резонанстық істе әрбір деталь маңызды. Бірнәрсе байқап қалған әрбір адамның пікірі маңызды. Бұл жерде маңызды емес деген дүние жоқ! Әрбір детальдың өз рөлі бар. Автотіркеуіштегі жазбаларыңызды қайта қарап шығуды өтініп сұраймыз. 2018 жылы 19 шілдеде көлігіңіздің қайда тұрғанын еске түсіріңіздерші. Өтініп сұраймыз. Кез келген сенімді ақпарат үшін алғыс айтамыз! Ешкімнің есімі жария етілмейтініне уәде береміз! Тәуліктің кез келген уақытында +7 701 808 80 00 нөміріне хабарласуларыңызға болады", — делінген хабарлама мәтінінде.

Бұл хабарландыруды көптеген қазақстандық жүргізуші мен актер өздерінің желідегі парақшасында бөлісті. Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақаты салдарынан көз жұмды. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге өзі ұстап алған ұрылар шабуыл жасады. Қайғылы жағдай Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында сағат 15 шамасында болды.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (61)

Тақырып бойынша

Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Министр Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
Денис Теннің өліміне қатысты іс: әйелге қандай айып тағылғаны белгілі болды
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
Загрузка...

Басты тақырыптар