Спорт

Қазақ боксшысы көз түйістіру кезінде қарсыласына сес көрсетті - видео

CC0 / / Бокс
Бокс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстаннан шыққан 20 жастағы нокаутер жекпе-жек алдында қарсыласына психологиялық қысым көрсетуге тырысты

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) пен мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) салмақ өлшеуге қатысып, жекпе-жек алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу алдында Ахмедовтың салмағы 155,8 фунт (70,306 килограмм), ал Мендоса - 155,9 фунт. Көз түйістіру кезінде Садриддин қарсыласының мысын басуға тырысып, сес көрсетсе де, мексикалық ешқандай сыр білдірмеді. Бұл сәт видеоға түсіп қалыпты.

Соңғы рет Ахмедов маусымда жекпе-жекке шығып, бесінші раундта мексикалық Густаво Гарибайды (13-11-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді. Мендоса қыркүйекте рингке шығып, төрешілердің шешімімен отандасы Эрик Веге Ортиске (13-0, 8 КО) жеңіліп қалды.

Тағы оқыңыз:

Жаңалықтар
0