Спорт

20 жастағы қазақстандық чемпион мексикалықты қалай нокаутқа түсірді – видео

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтады

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik.  Жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Орта салмақта жұдырықтасатын 20 жастағы отандасымыз  кезекті жекпе-жегін Монреальда (Канада) өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) болды.

Әли Ахмедов, қазақстандық боксшы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ боксшысы қарсыласын 1-раундта сұлатып, чемпиондық белбеуді иеленді — видео

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің 57-ші секундында Ахмедов техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Садриддин кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр, ал Мендоса карьерасында алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Sports.kz.

Айта кетейік, канадалық БАҚ Ахмедовтың болашағы жарқын екенін жарыса жазып жатыр. Мысалы, Boxrec.com журналисі Филипп Сент-Мартен: "Мына жігітті назарда ұстаңыздар! Оның бойында ұлы карьера жасауға қажеттінің бәрі бар!", — деп атап өтті. 

 

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні жеңіліп көрмеген тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.

23 жастағы WBC жастар белбеуінің иегері АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында белбеу үшін жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомес болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Бұған Ахмедовтің қарсыласының бауырынан қатты соққы жасауы себеп болды.

WBC белбеулер жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық титулы бәске тігілген-ді.   


Жаңалықтар
0