06:40 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Головкин - Альварес

Аңызға айналған боксшы Головкин –"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports
Спорт
Қысқа сілтеме алу
4139 0 0

Әлемге әйгілі боксшы Джордж Форман бір кездері өзінің де дәл осылай әділетсіздікке тап болғанын жеткізді

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Джордж Форман Sirius XM Boxing радиошоуында қонақта болып, Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Радио жүргізушісі аты аңызға айналған боксшы Джордж Форманнан Головкин мен Альварес арасында болған жекпе-жекте кім жеңгенін сұрады. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды.

"Тамаша жекпе-жек болды. Головкин жеңді. Африкада Мұхаммед Әлимен жұдырықтасқан кезімде алтыншы раундтан кейін джебтер есебінен ұпай саны бойынша жеңе бастадым. Ол не істей алатын еді? Головкиннің жоспары — шаршы алаңға шығып, Альваресті нокаутқа түсіру болуы керектігін білесіздер ме? Ол — жаңа мыңжылдықтағы Шугар Рэй Робинсон. Алайда ол бұл жекпе-жекте бұған лайық болмады. Қолынан келсе, Альвареске өзінің бет-әлпетін зақымдауға мүмкіндік бермеуі керек еді", — деді ол.

Әрі қарай Джордж Форман төрешілердің бұл жекпе-жекке әділ баға бермегенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған жекпе-жекке қатысты іштегі өкінішін жеткізді.

"Және бұл төрешілер жекпе-жекті дұрыс бағалай алмайды. Головкинге ұпай саны бойынша жеңісті берсе, әділетті болатын еді. "Канело" оны баяулатып жіберді. Ол оны денесінен ұрып ұпай жинады. Әлбетте Геннадий дәл сондай жауап қайырды. Алайда оның бұл әрекеті — билетті сатып алған бағаға лайық болмады. Мен бұл билетті Головкиннің Канелоны қалай соққы астына алатынын көрі үшін алдым. Бірақ бұл болмады", — деді әйгілі боксшы.

Тақырып бойынша

"Уақытты бағалаймын". Головкин қолы қалт етсе не істейтінін айтты
Головкин бокстан қашан кететінін айтты
"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды
Альварес соңғы жекпе-жекте Головкин жеңгенін мәлімдеді
Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті
Головкин – "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі
Абсолютті әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады
Кілт сөздер:
төрешілер, жеңіс, жұдырықтасады, жекпе-жек, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып