14:04 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Данияр Елеусінов пен Мэтт Доэрти

Данияр Елеусінов америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео

© Foto: официальная страница Данияра Елеусинова в соцсети
Спорт
Қысқа сілтеме алу
943110

Данияр Бостандағы TD Garden аренада кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті.     

Бокс кеші Бостандағы (АҚШ) TD Garden аренада өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі алты раундтық жекпе-жекте 27 жастағы отандасымызға америкалық боксшы Мэтт Доэрти (8-5-1, 4 КО) қарсылас болды. Жекпе-жектің бірінші раундында Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңілмеген боксшы деген атағын сақтап қалды. Ал Доэрти алтыншы рет жеңілістің ащы дәмін татты.  

Айта кетейік, Данияр Елеусінов рингке 24 қарашада оралады деп жоспарлануда. Оның Монте-Карлодағы (Монако) жаңа қарсыласы кейінірек жарияланады.  

Тақырып бойынша

Аңызға айналған боксшы Головкин –"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке әлем чемпионымен шығады
Бокстағы қазақ стилі: үш қазақстандық боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді
Қазақстандық боксшы жеңілмеген ресейліктің чемпиондық атағын тартып алды
Кілт сөздер:
нокаут, кәсіпқой бокс, Данияр Елеусінов
Загрузка...

Басты тақырып