Спорт

Елеусінов: рефери болмағанда, қарсыласымның жағдайы бұдан да ауыр болатын еді

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы кәсіби карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Бүгін қазақ боксшысы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті. Бокс кеші Бостандағы (АҚШ) TD Garden аренада өтті.

Данияр Елеусінов пен Мэтт Доэрти - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы қарсыласына қатысты пікір білдірді. Мұнымен қатар, жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып қояды деп ойламағанын жеткізді.

"Бастапқыда жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаймын деген ой болмады. Бар болғаны қарсыласымның ашық болғанын және өзіме берілген мүмкіндікті пайдаландым. Қарсыласым, расымен де, мықты болды. Әрине, Мэтт Доэрти осы күнге дейін жеңіліп көрді. Бірақ оны ешкім де мерзімінен бұрын жеңбеген еді", — деді Данияр Елеусінов сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол рефери жекпе-жекті тоқтатпағанда қарсыласының жағдайы бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтып өтті.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Аңызға айналған боксшы Головкин –"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

"Мен оны тура бірінші раундта тоқтатамын деп ойламадым. Шамамен үшінші-төртінші раундтарда жекпе-жекті мерзімнен бұрын аяқтаймын деп жоспарладым. Төреші араласты. Ол араласпағанда, кім білсін жағдайының қалай боларын?! Бәлкім, жағдайы бұдан да мүшкіл болар ма еді?! Денсаулығына көбірек зақым келетін еді", — деді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, жартылай орта салмақ дәрежесіндегі алты раундтық жекпе-жекте 27 жастағы Данияр Елеусінов америкалық Мэтт Доэртимен жұдырықтасты. Жекпе-жектің бірінші раундында Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0