23:50 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Боксшы Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте бірден 39 орынға көтерілді

© Foto : Казахстанская федерация бокса
Спорт
Қысқа сілтеме алу
227 0 0

2016 жылғы Олимпиада чемпионы BoxRec.com сайтының рейтингінде қазір 224-ші орында

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.  

Демалыс күндері жартылай орта салмақта сынға түсетін боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста төртінші жеңісіне қол жеткізген еді. 

Қазақстандық Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен бокс кешінде америкалық Мэтт Доэртимен қолғап түйістірді. Отандасымыз қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Елеусіновтың кезекті жеңісі беделді BoxRec.com сайтының жартылай орта салмақтағы спортшылар рейтингісіндегі орнына әсер етті, деп хабарлайды Sports.kz. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы рейтингте 39 орынға көтеріліп, 224-ші орыннан көрінді. 

Еске сала кетсек, Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегі 24 қарашада Монакода өтеді. Қазақстандықтың кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.

Тақырып бойынша

Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады
Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді
Бурабайда 125 метр биіктіктен секірген спортшы Назарбаевтың көз алдында құлады
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы
Қазақстандық боксшы жеңілмеген ресейліктің чемпиондық атағын тартып алды
Кілт сөздер:
нокаут, қарсылас, рейтинг, жекпе-жек, спорт, Данияр Елеусінов
Загрузка...

Басты тақырып