09:07 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1056 0 0

Әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп жеңіске жетті

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Sports.kz.

21 жастағы Сұлтан Зауырбектің алғашқы жекпе-жегі Лондондағы York Hall кешенінде өтті. Ол екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде тәжірибелі никарагуандық боксшы Хосе Агилармен (16-52-4, 6 КО) жұдырықтасты. Кездесуде қазақстандық боксшы ұпаймен жеңді — 40-34. Төрт раундқа созылған жекпе-жек барысында Агилар екі рет нокдаунға түсті.

Сұлтан үшін бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіс болды, ал 34 жастағы қарсыласы 53-ші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек — 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Биыл боксшы MTK Global промоутерлік компаниясымен жұмыс істей бастады. 

Тақырып бойынша

Аңызға айналған боксшы Головкин –"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты
Бокстағы қазақ стилі: үш қазақстандық боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді
Қазақстандық боксшы жеңілмеген ресейліктің чемпиондық атағын тартып алды
Тайсонды жеңген аңыз боксшы Головкин — "Канело" рематчына болжам жасады
Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген боксшы әлем чемпионы атануы мүмкін
Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді
Кілт сөздер:
нокдаун, видео, жекпе-жек, бокс, Сұлтан Зауырбек
Загрузка...

Басты тақырып