Спорт

Головкиннің алдағы карьерасы жайлы жақсы жаңалық шықты

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылдың мамырында "Канело" Джейкобсты жеңсе, Головкин мексикалықпен тағы кездеседі

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер DAZN стримингтік платформасымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Әлі де король". Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

The Ring журналының сенімді дереккөздері хабарлағандай, Том Леффлер DAZN компаниясымен мүмкіндігінше тезірек келісімге келуге ниетті.

Беделді басылымның мәліметінше, келесі жылдың мамыр айында Джейкобс "Канеломен" кездеседі деп жоспарлануда. Жоба жетекшілерінің бірі Джон Шкипер егер мексикалық жеңіске жетсе, қыркүйек айында Головкин мен Альваресті қайта кездестіргісі келетінін мәлімдеген.

Айта кетейік, "Канело" Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн басшылық жасайтын DAZN стримингтік қызметінің TV платформасымен 11 жекпе-жекті көрсетуге келісім жасап қойды.   


Жаңалықтар
0