07:28 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Спорт
Қысқа сілтеме алу
240 0 0

6 жасар Арсений BARÇA Academy Moscow спорт мектебіне қабылданды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Алматылық "Қайраттың" футболшысы Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі, танымал тележүргізуші Юлия Барановская әлеуметтік желіде жақсы жаңалық жариялады.

Юлия Барановская мен Андрей Аршавиннің ұлы "Барселона" футбол академиясының жаңа ойыншысы атанды.

Арсений әлемге танымал әкесі салған соқпақпен жүріп, кәсіби футболшы болуға шешім қабылдағанына көп болыпты, деп жазды Sports.kz. 

Осылайша, қазан айында 6 жасар Арсений Ресейдегі "Барселона" футбол клубының беделді BARÇA Academy Moscow спорт мектебіне қабылданды, ал кеше, 1 қарашада оған осы клуб ойыншысының формасы салтанатты түрде тапсырылды.

Бір қызығы, Андрей Аршавин ұзақ уақыт "Барселонада" ойнауды армандаған, енді әкесінің арманын ұлы орындайтын секілді.

Тақырып бойынша

Қазақстанның футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасады
Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын "Қайрат" миллион еуроға сатып алмақ
"Қайрат" Еуропа лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды
Еуропа лигасы: "Қайрат" андоралық команданы ойсырата ұтты
Кілт сөздер:
"Қайрат" футбол клубы, "Барселона" клубы, Андрей Аршавин
Загрузка...

Басты тақырып