Спорт

Қазақтан шыққан әлем чемпионының жекпе-жегін қайдан көруге болады?

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ертең қазақстандықтар отандық боксшылардың жекпе-жектерін тікелей эфирде көре алады

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. "Qazaqstan" мен "Qazsport" телеарналары Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлдың жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады 

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы екіжақты келіссөздердің нәтижесінде болашағы зор қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жекпе-жектерін "Qazaqstan" және "Qazsport"  телеарналарының эфирінде көрсету туралы келісімге қол жеткізді. 

Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа біржолата ауысты

"2018 жылдың 4 қарашасында АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы Don Haskins Convention Center аренасында мексикалық боксшылар Мигель Берчельт (34-1, 30 КО)  пен Мигель Роман (60-12, 47 КО)  арасында жекпе-жек өтеді. Осы кездесу аясында қазақ боксшылары Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұл шаршы алаңға шығады", — деп жазылған корпорацияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Кеште Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) 32 жастағы америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) кездеседі, Сағадат Рахманқұлдың (3-0, 1 КО) қарсыласы пуэрторикалық Никлаус Флаз (5-1, 4 КО) болады.

© Photo : "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Жәнібек Әлімханұлы мен Вон Александр
Жәнібек Әлімханұлы мен Вон Александр - Sputnik Қазақстан
Жәнібек Әлімханұлы мен Вон Александр

Жәнібек Әлімханұлы – Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әуесқой бокста әлем және Азия чемпионы болды. 2018 жылдың басында Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, Top Rank промоутерлік компанияымен келісімшарт жасады. Бұл жеңілмеген қазақстандық боксшының төртінші жекпе-жегі болмақ. 

Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Белбеулерді қайтарып аламыз!" Қазақ боксшысы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Қарсыласы 32 жастағы Вон Александр кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, 12-сінде жеңіске жеткен.  

24 жастағы Сағадат Рахманқұл 2018 жылың 17 ақпанында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.  Әуесқой бокста 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2014 жылы күміс медаль алған болатын. 

"Qazaqstan" мен "Qazsport"  телеарналары отандастарымыздың жекпе-жектерін Астана уақытымен 4 қараша күні сағат 04:00-де тікелей эфирде көрсетеді.  


Жаңалықтар
0