Спорт

Жәнібек Әлімханұлы америкалықты жеңді – видео

© Photo : "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Жәнібек Әлімханұлы мен Вон Александр
Жәнібек Әлімханұлы мен Вон Александр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандасымыз шаршы алаңда "Жыртқыш" лақап атымен танымал, түрмеде он бір жыл отырып шыққан америкалықпен жұдырықтасты

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық боксшы жеңілмеген ресейліктің чемпиондық атағын тартып алды
Қазақстандық боксшы Эль-Пасодағы (АҚШ, Техас штаты) бокс кеші аясында америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Бұл Жәнібектің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі, ал Александрдың екінші жеңілісі.  

Еске сала кетсек, Вон Александер қызықты биографиясымен танымал: 2004 жылдың соңында оның рекорды 5-0, 4 КО болып, ең танымал боксшылардың бірі саналған еді. Алайда қарулы тонау қылмысы үшін он бір жыл түрмеде отырып шықты. Рингке 2016 жылы оралды.

Жаңалықтар
0