17:25 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Геннадий Головкин

Келіссөздер басталды: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

© Sputnik / Тимур Батыршин
Спорт
Қысқа сілтеме алу
186 0 0

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін, болжам бойынша, 2019 жылдың мамырында өткізеді

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы Каллум Смиттің промоутері Эдди Хирнмен келіссөздерді бастады.  

Биылғы жылдың қыркүйегінде WBA Super чемпионы атағын жеңіп алған Смит, 2019 жылдың мамыр айында Геннадий Головкинге қарсы рингке шығуы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.

Спортшылардың промоутерлері бұл жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келіссөздерді ұзақ уақыттан бері жүргізіп келе жатқанын Talksport.com басылымының журналисі Майкл Бенсон твиттерде жазды.

Ол сондай-ақ, жекпе-жек Ұлыбританиядағы "Энфилд" стадионында өтетінін атап өтті, онда боксшылар екінші орта салмақта WBA және The Ring журналының титулдарын сарапқа салады.

Аңызға айналған Джордж Форман Головкинге әділетсіздік жасалғанын мәлімдеді   

Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2018 жылдың 16 қыркүйегінде Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеннен кейін барлық белбеуінен айырылды. Жекпе-жек Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтті.  

 

Тақырып бойынша

Головкин-Чарло жекпе-жегі өте ме? GGG-дің промоутері жауап берді
"Головкин "Канелоға" керек". GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты
Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін IBO рейтингінде жаңа орынға жайғасты
Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, чемпион, қарсылас, Геннадий Головкин, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар