Спорт

Танымал бапкер Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хоэль Диастың пікірінше, алғашқы жекпе-жекте Головкин, рематчта "Канело" жеңіске жетті

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Тимоти Брэдли, Абнер Марес және Руслан Проводников сияқты боксшылармен жұмыс істеген әйгілі мексикалық-америкалық бапкер Хоэль Диас Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

"Меніңше, екінші жекпе-жекте боксшылардың ешқайсы айқын басымдық танытқан жоқ, бірақ Канело жеңді. Осылайша, алғашқы жекпе-жекті ескерсек, есеп 1:1 болып тұр. Өз басым үшінші жекпе-жек өтуі тиіс деп есептеймін. Неліктен? Өйткені, жекпе-жектің қорытындысы туралы сан алуан пікір, қарама-қайшылық болмауы керек. Адамдар басқа жекпе-жекті көргісі келеді. Жанкүйерлерге өте жақын, тең өткен жекпе-жек қызық емес… Олар заңды жеңімпазды көргісі келеді", — дейді Диас. 

Естеріңізге салайық, GGG мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды, ал екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Альвареске берді. 

Жаңалықтар
0