11:32 18 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.98
  • EUR430.63
  • RUB6.11
Әділбек Ниязымбетов

Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады

© REUTERS /
Спорт
Қысқа сілтеме алу
258 0 0

Әділбектің есімі қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылып қалады

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты. 

"Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан", — дейді Мырзағали Айтжанов.

Әділбек Ниязымбетов  бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. Қазақстан біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.


Тақырып бойынша

Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Қатарынан 39 рет жеңілген боксшы карьерасын аяқтады
Бокс Олимпиада бағдарламасынан алынуы мүмкін
Кілт сөздер:
Олимпиада ойындары, бокс, Әділбек Ниязымбетов
Загрузка...

Басты тақырып